Ақмола облысында Toyota автокөлігі жол бойындағы сатушыларды қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр

Ақмола облысындағы трасса бойында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі көшеде тұрған екі сатушыны қағып кетті деп хабарлайды «ҚазАвтожол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Жол көлік оқиғасы Нұр-Сұлтан – Щучинск тас жолының 208-ші шақырымында болған. 25 жастағы жүргізуші өзге көлікпен соқтығысудан қашып, көлігін жол шетіне қарай бұрған және жол жиегінде ас-ауқат сатып отырған 35 және 40 жастағы екі әйелді қаққан. Олар түрлі дене жарақаттарымен Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.

Сондай-ақ, жүргізушіден бөлек автокөлікте тағы үш жолаушы болған. Олар дін-аман.