Иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысында 11 мыңнан астам иесіз мал айып тұрағына қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ақжол ауылының жанындағы Павлодар-Қызылорда автожолында жол жиегінде бақылаусыз жайылып жүрген 12 бас жылқысын байқап, олар айып тұрағына қамалды. Иесі анықталды. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін Ақжол ауылының 50 жастағы тұрғыны ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сол күні полиция қызметкерлері Ленинский-Русская Поляна бағытындағы автожолда жылқыларды байқады. Жолқұдық ауылының маңындағы 12 шақырымдық жолда жылқылар жол жиегінде жайылып жүрді, сол арқылы автокөліктің өтуіне кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызды. Бос жүрген жылқылардың иесі ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері Павлодар облысында малға арналған айып тұрағына 11 мыңнан астам иесіз мал басы айдалды, 4 мыңға жуық иесі ауыл шаруашылығы малын жаюды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.