Вагондардың көпірден құлауына аз қалған
Алматы іргесіндегі Боралдай кентінде жүк пойызы рельстен шығып, көпірден құлап кете жаздады. Вагондарды бағандар ұстап қалған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
Оқиға болған сәтте көпір астындағы автожолда көлік ағыны көп болған. Қазір ол жолды полиция жауып, темір жол қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Апат аймағына келген темір жол магистралінің басшысы қандайда бір мәлімет беруден бас тартты.
«Оқиға бүгін сағат 12:15 болды. Қазір теміржолшылар сол жерде жұмыс істеп жатыр.
Басқа пойыздарға кедергі жоқ, жол ашық. Оқиғаның себебін комиссия анықтайды. Вагондар станцияның маңында жолдан шығып кеткен, басқа бағытқа шықпаған», - деді «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі.