Қостанайда зорлықпен өлтірілген 87 жастағы әжейдің денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті бір тәулік ішінде қолға түсті

Оқиға Рудныйда болған. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Рудныйда Комсомольский даңғылы мекенжайында зорлық-зомбылық белгілері бар 87 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Б.Майлин ауданының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.