Балқашта төрт күн бұрын жоғалып кеткен балықшының мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

64 жастағы ер адам Ақтоғай ауданының тұрғыны болып шықты

Фото: pixabay.com

Қарағанды ​​облысына қарасты Балқаш көлі аумағында жоғалып кеткен балықшының денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері алдымен жоғалған резіңке қайықты, кейіннен жағадан бес метр жерде, «Қысанов» қыстауының маңындағы мұз астында жатқан балықшының мәйітін тапты. 64 жастағы ер адам Ақтоғай ауданының тұрғыны болып шықты.

«Ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама 4 қазан күні кешке келіп түсті. Ол 2 қараша күні көлге балық аулауға шығып, жоғалып кеткен. Балықшының туыстары оған қанша қоңырау шалғанымен, телефоны өшіп тұрған. Дабыл қаққан туыстары полиция мен құтқарушыларға жүгінді», - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебіне қатысты сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр.