Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз
Көкшетауда жатақханадан өрт шығып, 10 адам құтқарылды, оның екеуі бала. Бұл туралы Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қарашаның 5-де сағат 16:47 шамасында «101» телефон желісіне Көкшетау қаласының Назарбаев даңғылындағы 5 қабатты жатақхананың бөлмесінде өрт шыққандығы туралы хабар түсті.
«Өртті сөндіруге дереу ТЖД жеке құрамынан 19 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 8 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан 10 адам эвакуацияланды, оның екеуі бала. Сонымен бірге, өз күшімен қауіпсіз жерге шықты. Өрт сағат 16:57 ауыздықталып, 17:02 сөндірілді», - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі кезде өрт техникалық-зерттеу жүргізіліп, өрттің шығу себептері анықталуда