Атырауда 75 жастағы зейнеткердің пәтерінен ақша салынған сөмкені ұрлаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сөмке ішінде әжейдің соңғы алған зейнетақысы болған

Фото ашық дереккөзден

Атырау қаласында 75 жастағы зейнеткердің пәтеріне кіріп, ақша салынған сөмкені қолды қылған күдікті ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаменті хабарлайды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қазанда Атырау қаласының тұрғыны тәртіп сақшыларына шағым түсірген.

«Шағымданушы арызындда 75 жастағы әжесінің пәтеріне белгісіз адам кіріп, 60 мың теңге салынған сөмкесін ұрлап кеткенін көрсеткен. Тексеру кезінде пәтердің сыртқы есігі ашық қалғаны анықталды. Осыны пайдаланған ұры үйге кіріп, кіреберісте тұрған сөмкені алып, шығып кеткен. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарламада.

 Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері осы қылмысқа күдікті 45 жастағы ер адам ұстады. Ұрланған сөмкесі мен зейнетақысын қолына қайтарып алған 75 жастағы әже полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Тегтер: