Жезқазғанда ауруханадағы өрттен науқас адам тірідей жанып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталып жатыр

Жезқазғанның орталық ауруханасында өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«3 қараша күні сағат 11:58-де Жезқазған орталық ауруханасының ғимаратында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына ТЖД-нің 24 адамы мен 7 техникасы жіберілді», - делінген хабарламада.

Өрт төртінші қабаттағы палатада 10 шаршы метр алаңда болды.

«Өрт болған жерден науқас – 1961 жылы туған ер адамның мәйіті табылды», - деп толықтырды ТЖД.

Өрт сағат 12:21-де сөндірілді. Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталуда.