Өз өміріндегі қиындықтардан соң осындай қадамға бармақ болған
Алматыда ер адам «Эйфель» мұнарасынан секіріп, суицид жасамақ болды. Биік мұнарадан секірмек болған жігітті құтқару үшін тәртіп сақшылары мен көшедегі жүргіншілер тент жайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
44 жастағы ер адам тұрмыстың қиындығынан өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда оны мұнараға жасырынып шыққан полиция құтқарып қалды. «Француз үйінің» күзетшісі жігітпен әңгіме өрбітіп, сөзге айналдырып тұрған. Назарбаев пен Абай даңғылдарының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмекші болған жігіттің әрекетін көшедегі адамдар полицияға хабарлаған.
«Боран-160» экипажы құтқару жұмысын жүргізді. Төменде тұрып, биіктен секірмекші болған адам ойын жүзеге асыратын болса деп қауіпсіздік үшін тент жайылды. Осы уақытта ыңғайлы сәтті күтіп, жоғары көтерілдім. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық, оның өз-өзіне қол жұмсауға деген ниетіне тосқауыл қойдық. Осылайша баспалдақпен төмен түсіріп алдық. Ол ішімдік ішіп алып, мас күйде отыр екен, өзінің мұндай әрекетінің себебін түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізді», - деді Алматы қалалық ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының қызметкері Талғат Сейілбаев.
Ер адам 1977 жылы туған. Оның тұрғылықты жері жоқ М.есімді азамат екені анықталды. Есін жиған соң ол, тәртіп сақшыларына өз өміріндегі қиындықтардан соң осындай қадамға баруға шешім қабылдағанын айтқан.