$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2021, 09:22
Оқиғалар

Шарбақты ауданында жол апатынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты

Жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 451 жол-көлік оқиғасынан 38 адам қаза тапты

Шарбақты ауданында жол апатынан мотоцикл жолаушысы қаза тапты
Фото: pavlodarnews.kz

Жол-көлік оқиғасына мотоцикл жүргізушісі себеп болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қазан күні сағат 17:15-те Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңында 35 жастағы мотоцикл жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклдің 46 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген ПД хабарламасында.

Мотоцикл арнайы айып тұрағына қамалды. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жүргізілуде.

Айта кету керек, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 451 жол-көлік оқиғасы тіркелген, соның салдарынан 38 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары