Алматыда 11-қабаттан секіріп көз жұмған оқушы мектепте юбка кимеген

Автор: Azattyq Rýhy

Әзірге оқушының неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз

 

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы шағын шарада ешқандай да юбка киген жоқ. Мектеп формасымен 1 сағаттық шараға қатысып қайтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.

Мектеп әкімшілігі 27 қазан күні әдеби шара өткенін айтады. 1 сағаттқа созылған шарада оқушылар әр түрлі кейіпкерді сомдаған қойылым қойыпты.

«Ол күні оқушылар түгел дерлік мектеп формасымен отырды. Іс-шараға қатысушылар ғана кейіпкерлерді сомдады. Көз жұмған оқушы да мектеп формасымен келді. Бірақ юбка кигізді деген ақпарат шындыққа мүлде жанаспайды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін «Гарри Поттер» тақырыбындағы көрініске оқушының юбка кигіп келгені, кейін бұл ерсі қылығы үшін куратордан ұрыс естіп, психологпен сөйлесуге алып барғаны жазылған. Осы шарадан кейін оқушы суицидке ұшырады деген ақпарат шыққан болатын.

Мектеп әкімшілігі тергеу аяқталмайынша, өзге мәлімет беруден бас тартты. Ондағы қызметкерлерге де артық ақпарат айтуға тиым салған.

Әзірге оқушының кім екені, неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз.