Маңғыстауда әскери бөлімде жарылыс болды: 5 сарбаз жарақат алды

Автор: Azattyq Rýhy

Болжам бойынша мекемеде гранаталар жарылды

Көрнекі фото

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы әскери бөлімде жарылыс болғандығы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 27 қазан күні сағат күндізгі 11:00 шамасында болған. Болжам бойынша мекемеде гранаталар жарылып, салдарынан  бес сарбаз түрлі дене жарақатын алды.

Қорғаныс министрігінің баспасөз қызметі аталған фактіні растады. Бірақ әзірге жарылыстың нақты себебі айтылмады.

«2021 жылғы 27 қазанда Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметші жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметшілердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда. Оқиға бойынша тексеру басталды», - делінген хабарамада.