$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.01.2020, 04:29
Оқиғалар

Ақмола облысындағы тасжолдан белгісіз адамның денесі табылды

Оқиға орнынан табылған бампер сынықтарынан ер адамды 2004 жылы шыққан күміс түсті Ford-Focus маркалы автокөлік қаққаны анықталды

Ақмола облысындағы тасжолдан белгісіз адамның денесі табылды

Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті автожолының 23-ші шақырымында 1977 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.  

Қайғылы оқиға Ақмола облысының Целиноград ауданында болған. Жол-пайдалану учаскесі қызметкерлерінің айтуынша, белгісіз көлік жол бойындағы ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Ер адам жедел жәрдем көлігі жеткенше үзіліп кеткен. Дәрігерлер оның 2019 жылдың 31 желтоқсанында сағат 18.30 шамасында көз жұмғанын растаған. Қайтыс болған азаматтың жеке тұлғасын оның қалтасынан табылған ломбард қағазы бойынша анықтаған.  

Оқиға орнынан табылған бампер сынықтарынан белгілі болғандай, ер адамды 2004 жылы шыққан күміс түсті Ford-Focus маркалы автокөлік қаққан екен. Полицейлер қазіргі уақытта жүргізушінің жеке тұлғасын анықтады, ол аталмыш көлікті басқа жүргізушіден жалға алған,  1964 жылы туған азамат екен.   

Оқиға орнында барлық жол белгілері көрсетілгенін айта кету керек.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтауды, рұқсат етілген жылдамдықты асырмауды,  қауіпсіз қашықтықты сақтауды ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді.  

Серіктес жаңалықтары