$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.01.2020, 03:37
Оқиғалар

Анатомия сабағын өз денесі арқылы түсіндірген мұғалім оқушыларды шошытқан

Дуке сабаққа бұлшық ет пен адамның ішкі мүшелері айқын көрсетілген киім киіп келген

Анатомия сабағын өз денесі арқылы түсіндірген мұғалім оқушыларды шошытқан

Испанияда анатомия пәнінде өз денесі бойынша сабақ берген Вероника Дуке есімді ұстаз оқушыларды шошытып алыпты.

Бұл туралы оқытушының күйеуі өзінің Twitter парақшасында жариялаған. 

Дуке сабаққа адамның бұлшық еті мен ішкі мүшелері айқын көрсетілген киім киіп келген. Ол оқушыларға киімді интернет дүкені арқылы алғызғанын айтқан. Жұбайының айтуынша, әйелі оқушыларға адам анатомиясын көрнекі түрде түсіндіруді жөн көріпті. Алайда, оның бұл әрекеті балалардың жағасын ұстатқан көрінеді. 

43 жастағы Дукенің шәкірт тәрбиелеп жүргеніне 15 жылдан асыпты. Ол оқушыларға жарытылыстану пәнінен, өнерден сабақ беріп, шетел тілдерін үйрететін көрінеді. Қазір ол үшінші сынып оқушыларын оқытады. Ұстаз өзінің тәлімгерлеріне сабақты қызықты өткізуіне мұқият көңіл бөледі екен. Көрнекі мысалдарды Дуке анатомия пәнінен бөлек тарих және тіл үйретуде пайдаланады екен.

 

Дереккөз: Stan.kz

 

Серіктес жаңалықтары