ШұғылҮржар ауданында күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

Алматыда автобус жүргізушісі жас жігітті қағып мерт қылды

Қайғылы оқиға «Алматы-1» теміржол вокзалы маңында орын алған

Алматыда автобус жас жігітті қағып мерт қылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қайғылы оқиға 31 желтоқсан күні түстен кейін «Алматы-1» теміржол вокзалы маңында орын алған. Жаяу жүргіншілер белгісіне қарамай жүйткіген қоғамдық көлік жас жігітті қағып кетті. Соққының қатты болғаны сонша, автобустың терезесі ғана емес, жарық шамы да күл-талқан болған.

Жаяу  жүргінші жолығының жанынан өтпекші болған ер адам жедел жәрдем көлігі келгенше жан-тәсілім етті.

Жас қанат, Қалқаман шағынаудандарына қатынайтын қоғамдық көліктің кесірінен вокзал маңында бірнеше сағаттық кептеліс орын алды. Өзін Абдул Балтиев деп таныстырған автобус жүргізушісі жылдамдықты сағатына 15 км-ден асырмағанын айтып ақталды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік апатының мән-жайын анықтап жатыр. Ал автобус жүргізушісінің бастығы тілшілердің ақпарат алуына бөгет жасап бақты.