Өскеменде ана мен бала өліміне қатысты тергеу басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тәртіп сақшылары өзге мәліметтерді жария етпейді

Шығыс Қазақстанда ана мен баланың өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy өңірлік Алтайньюс порталына сілтеме жасап.

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК-ға қатысты медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін дұрыс орындамағаны, абайсызда адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.

Қылмыстық іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды. Сондай-ақ денсаулық сақтау субъектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізілмек.

Тәртіп сақшылары өзге мәліметтерді жария етпейді.

Еске салайық, 16 қазанда «Ана мен бала» орталығында босанған Айжан Мержақыпова мен оның дүниеге келген баласы қайтыс болғаны хабарланған. Марқұмның туыстары дәрігерлерді айыптайды.

Оқи отырыңыз: Өскеменде ота үстінде шақалағымен бірге қайтыс болған әйелдің туыстары шу шығарды

Босануға қатысқан марқұмның күйеуі мен әпкесінің айтуынша, Айжан кесір тілігін жасауды өтінген және сол операцияға алдын ала өтініш жазған, бірақ дәрігерлер олай істемеген. Одан бөлек, бала өздігінен шыға алмаған кезде, қайта итеріп жіберген.