Қазір осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Балқашта ұсталған 18 жастағы жігіт есірткі сақталатын орындарды көрсетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қазанда Балқашта «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды облысы Балқаш қаласының ПБ есірткі қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері 18 жастағы жас жігітті ұстады.
Тексеру кезінде күдіктіден ұнтақ заттан тұратын полиэтилен пакеті алынды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды.
Тергеу барысында күдікті марихуананы сақтайтын жеті орынды көрсетті. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.