$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2021, 10:23
Оқиғалар

«Ақшаңды көбейтіп берем»: Түркістан облысында жас қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен

Оны полиция банк картасындағы мәліметтер арқылы ұстаған

«Ақшаңды көбейтіп берем»: Түркістан облысында жас қыз тұрғындарды 8 млн теңгеге алдап кеткен

Түркістан облысының Мақтарал аудандық полиция бөліміне Шардара ауданының тұрғындары арызданып, жас қызға алданып қалғанын айтқан. Жәбірленушілерге күдікті букмекерлік ойын арқылы ақшаны бірнеше есеге көбейтіп беремін деп, олардан барлығы 8 миллион теңге алған.

Алданған тұрғындардың сөзінше, жас қыз олармен WhatsApp мессенджері арқылы хабарласып, «ұтымды ұсыныс» айтқан. Әйелдер оның банк картасына 1 млн теңге жіберіпті. Содан кейін күдіктінің телефоны өшіп, ізім-ғайым жоғалған. Алданғанын түсінген тұрғындар дереу полицияға шағымданыпты.

Тәртіп сақшылары күдіктіні банк картасының мәліметтері бойынша анықтап, қолға түсірді. Ол жергілікті тұрғын – жас қыз болып шықты. Тергеу барысында қыздың бұдан да басқа алаяқтық қылмыстарға қатысы барын анықталды. Ол «ақшаңды букмекерлік ойындар арқылы еселеп көбейтіп беремін» деп, тұрғындардан 50 000 – 800 000 теңге аралығында алып отырған. Келтірілген барлық шығынның көлемі әзірге 8 млн теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары