$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2021, 09:50
Оқиғалар

Ақжайық ауданында көлік апатынан екі адам қайтыс болды

Екі көлік те отқа оранды

Ақжайық ауданында көлік апатынан екі адам қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктерінің қатысуымен жол апаты болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік те өртенген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің Г есімді жүргізуші мен оның С есімді 1991 ж. т. жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приора автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушының денелері алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары