Жүргізуші куәлігін алмақ болған Ақтөбе тұрғыны 400 мың теңгесінен айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

«Куәлік алуға көмектесемін» деген алаяқ қолға түсті

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбе қалалық полиция бөліміне арызданған 32 жастағы азамат бейтаныс адамға сеніп, «жүргізуші куәлігін алуға көмектемесін» деген ұсынысын қабылдаған. Сөйтіп интернет банкинг арқылы алаяққа 400 мың теңге ақша аударады.

«32 жастағы ер адам алданып қалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 27 жастағы ақтөбелік болып шықты. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Мәселен, 28 жастағы тұрғын зейнеткерге жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп, хабарсыз қалды. Сөйтіп 72 жастағы ақтөбелікті алдап соққан. Екі жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды», - дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.