Қызылорда облысында енесін ұрып-cоққан келін жазаланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Шиелі ауданында орын алған

Фото ашық дереккөзден

Аудандық полиция бөліміне жергілікті азаматтан арыз түсті. Онда қолында тұратын 44 жастағы келіні өзін ұрып-соққаны айтылған. «Хабарлама негізінде бөлімнің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде келіні 70 жастағы енесін ұрып-соққаны анықталды. Келіні 30 тәулікке қамауға алынды. Қазіргі күні бұл отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде», - деп мәлім етті Шиелі аудандық полиция бөлімі.