Ол шамадан тыс ішімдік ішіп алған
Осы қылмысты жасағаны үшін ер адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Маусым айында таңғы уақытта Успен аудандық полициясына ауыл тұрғыны қорқынышты дауыспен үйінің ауласында 28 жастағы жергілікті тұрғынның өлімі туралы айтқан.
«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері куәгерлерді тексеріп, мұқият тексеру жүргізді. Бұл істі тергеу полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаевқа, сондай-ақ аға тергеуші Мақсат Дүйсембаевқа тапсырылды. Барлық жағдайды зерттеу, сондай-ақ куәгерлермен сұхбаттасу кезінде полиция өлтірілген адамның Успенка ауылының 61 жастағы тұрғынымен біраз уақыт қарым-қатынаста болғанын анықтады. Бірақ ер адамның үнемі жанжал шығарып, шабуылдауы салдарынан бірге тұрмаған. Сондықтан қыз сүйіктісінен кетуге бел байлаған», - делінген олбыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.
Алайда қыздың барар жері болмағандықтан, танысының үйінде уақытша тұруға рұқсат алған. Көп ұзамай Павлодардан үй иесіне досы қонаққа келеді. Осылайша, қаладан келген қонақ пен қыздың арасында сезім пайда болып, олар қалаға бірге оралуды шешкен.
Бірақ бұрынғы сүйіктісінің жаңа қарым-қатынасқа түсіп, ауылдан қалаға кетіп жатқанын білген 61 жастағы ауыл тұрғыны ашуға бой алдырған.
Шамадан тыс ішімдік ішіп алған ол пышақ алып, қыздың уақытша тұрып жатқан үйіне бет алған.
Ер адам онымен сөйлесуге тырысып, оны оралуға көндірмек болған. Бірақ ешқандай сылтаулар мен сөз ауыл тұрғынын сендіре алмаған. Содан кейін ер адам қалтасынан пышақты алып, бұрынғы сүйіктісінің кеудесіне бірнеше рет сұғып алған.
Айқайды естіген үй иесі бөлмеге жүгіріп келіп, қорқынышты оқиғаның куәсі болған. Ол қылмыскерді ұстауға тырысқанмен, қаскүнем үйден шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.
Үй иесі дереу жедел жәрдем шақырып, полицияға қоңырау шалған. Өкінішке орай, медицина қызметкерлері ауыл тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.
Ал полиция қызметкерлері қысқа уақыт ішінде күдіктінің тұрған жерін анықтап, ұстады.