Алдын ала мәлімет бойынша ол мектебінде әлімжеттік көрген
Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе ауылындағы Макаренко атындағы жалпы орта мектептің 9-сынып оқушысы асылып, қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облыстық ПД аталған дерекке қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуде. Алдын ала мәлімет бойынша оқушы мектебіндегі қатарластарынан әлімжеттік көрген.
«Марқұмның отбасы тыныш. Өз отбасынан зәбір көріп, суицид жасады деп айта алмаймын. Ауылда оқушыдан жоғары сыныптар ақша алып, қысым жасады деген сөз бар. Өзім де оған қосыламын. Себебі мектеп алдында 10-11-сынып оқушылары төбелесетінін білемін», - дейді Састөбе ауылының тұрғыны Ақмарал Бөрлібаева.