Өскеменде жігітімен ұрысып қалған қыз тамырын кесіп өлмек болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оны ұлттық гвардия сарбаздары құтқарып қалған

Өскемен қаласының тұрғыны жігітімен жанжалдасып, өзіне қол салмақ болды деп жазады yk.kz. Ол алмаспен тамырын кесіп жіберген.

Қансыраған қызды ұлттық гвардияның сарбаздары Гагарин бульварындағы балалар алаңқайынан тауып алған. Оқиға 29 желтоқсан күні болыпты.

Сарбаздар суицид жасамақ болған қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, артынша жедел жәрдем шақырған. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Ал, полицейлер болса «Өзін өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.