14 жасар баланы қағып өлтірген күдікті кепілмен үйіне босап шыққан

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұмның туыстары балаларының өліміне себепші болған көлік жүргізушісі жазадан жалтарып кете ме деп қауіптенеді

Almaty.tv

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 14 жастағы бала көз жұмды. Құлжа тасжолы бойымен жүйткіп келе жатқан жүк көлігі жасөспірімді қағып өткен. Бала оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Куәгерлердің айтуынша, Рамзан бағдаршамнан 150-200 метрге дейін ұшып кеткен көрінеді. Көлік жүргізушісі баланы қағып қана қоймай, оқиға орнына қашып кетпек болыпты.

14 жастағы Рамзан жолды оңды-солды кесіп емес, рұқсат етілген жерінен өткен. Мұны облыстық Полиция департаменті де растап отыр. Ресми өкілдердің хабарлауынша, күдікті ретінде 59 жастағы ер адам анықталған. Тергеу амалдарының басталғанын айтты. Ал көлік тізгіндеу кезінде оның спиртті ішмдікті ішкен-ішпегені туралы сараптама тағайындалған.

«Жол апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында марқұмның түр-келбеті анықталды. Ол Талғар ауданы Гүлдала ауылының тұрғыны, 14 жастағы бала екені анықталды», – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.