Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр
Шымкент қаласындағы Рысқұлов көшесіндегі қоқыс салатын жәшіктен сәбидің денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша ол жаңа туған нәресте. Мәйітті алғаш болып, сағат таңғы жетілер шамасында қоқыс тасушылар көрген.
Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.