Ол 27 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты
Шымкентте бөтеннің атынан несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық басқармасына 15 қазан күні қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға мобильді қосымшасы арқылы өзінің рұқсатынсыз 1 900 000 теңге онлайн несие рәсімдегенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр.