Қазақстан азаматы төбелес кезінде пышақ жарақатынан қайтыс болды
Марқұмның денесі 12 қазанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 16.51-де табылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ер адам жедел жәрдем бөлімінде мойнындағы пышақ жарақатынан қайтыс болған. Оқиға куәгері полицияға хабарласқан.
Оқиға орнында адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол да Қазақстан азаматы екені анықталды.
"Адам өліміне әкелген төбелеске қатысушылар - немере ағайындылар. Олар - Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғындары. Тергеу нәтижесінде ағайындылардың бірі суға түсіп шыққан кезде екіншісін ұрған. Ол 26 пышақ жарақатын салған, алтауы мойнына бағытталған. Екеуі де есін білген және психикалық ауруханада тіркелмеген", - дейді Оңтүстік Кореяда тұратын блогер Самат Ахметов.