Мұнай компаниясының қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етті

Автор: Azattyq Rýhy

Олар өз талаптарын видеоүндеу арқылы жеткізді

Фото ашық дереккөзден

Маңғыстауда "Buzachi Operating Ltd" мұнай компаниясының қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап еткен видеоүндеу жариялады. Бұл туралы zakon.kz сайты хабарлады.

 «Бүгінгі таңда мұнай бағасы барреліне 82 АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда компанияның да табысы артқанын білдіреді. Осыған байланысты біз басшылыққа жалақымызды арттыру мәселесін қарастыруын және 2015 жылы мұнай бағасының құлдырауына байланысты тоқтатылған ынталандырушы төлемдерді қайтаруды өтіндік. Бірақ біздің өтінішімізге ешкім құлақ аспады», – дейді компания қызметкерлері.  

Компания басшылығы қызметкерлерді келісімге келуге шақырып отыр. Кездесу 18 қазанға жоспарланған.