СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 404 келіден астам түрлі есірткі алынды
Петропавлда синтетикалық есірткі саудалаумен айналысқан 25 жастағы келіншек ұсталды. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан кристалл тәрізді зат салынған 33 полимер түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі, СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті екі жыл бұрын көпқабатты үйлердің қабырғаларына түрлі жазба салып, интернетте есірткі сататын веб-ресурстарды жарнамалағаны үшін жазаға тартылған. Енді ол аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сараптама тәркіленген заттың жалпы салмағы 15,3 гр. «тұз» деген атпен белгілі «альфа-PvP» синтетикалық есірткі екендігін растады. Қала тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ. Күдіктіге қатысты күзетпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
«2019 жылы фигурант қыз үйлердің қабырғаларына интернетте есірткі сататын веб-ресурстардың жарнамаларымен граффити салғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ол кезде бұл әрекеті әкімшілік заңнамамен сараланып, оның айыппұл төлеуіне тура келген. Қазіргі уақытта есірткі ресурстарын жарнамалау қылмыс болып саналады. Сонымен қатар, аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік қарастырылған: 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру», - дейді СҚО Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Иван Терзиди.
Жыл басынан бері облыста «есірткіні жасыру» жолымен оны таратқаны үшін күдікті 13 адам ұсталып, төрт келіден астам синтетикалық есірткі алынды. СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 404 келіден астам түрлі есірткі алынды.
Эльмира Мәмбетқызы, СҚО