Ол досымен бірге балық аулауға барып, құтқару күртесінсіз қайыққа отырған
ШҚО Ұлан ауданында қауіпсіздік шараларын сақтамаған балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлан ауданындағы балықшылар жиі баратын Алебастр су қоймасында 1956 жылы туған ер адам суға батып кетті. Белгілі болғандай, ол досымен бірге балық аулауға барып, құтқару күртесінсіз қайыққа отырған. Алайда жағалаудан 200 метрге алыстаған сәтте ер адам жүзу құралынан ұстап үлгермей, суға құлап кеткен. Куәгерлер оған көмекке ұмтылғанымен, үлгермеген.
ШҚО ТЖД мына ережелерді естен шығармауды еске салады:
- қайыққа отырар алдында оны мұқият қарап шығу керек, оның бүтін әрі берік екенін көз жеткізіп алу керек, міндетті түрде құтқару құралдарын (шеңбер мен күртеше) алып жұру керек;
- қайықтың тепе-теңдігін жоғалтып алмас үшін бір-бірден отыру керек, сондай-ақ дәл ортасына аяқ қойып, орындығына бірқалыпты отырууға тырысқан жөн;
- қайық қозғалып бара жатқанда орын ауыстыруға немесе қайықтың бортына отыруға болмайды.
Мынадай әрекеттерге:
- қайыққа белгіленген нормадан көп жүк артуға;
- қайықты шайқауға;
- кешке және түнде жүруге қатаң тыйым салынады.
«Егер суда жүру ережелерін қатаң сақтасаңыз, қайғылы жағдайдың алдын алуға болады», - деп атап өтті құтқарушылар.