Алматыда жанармай цистерналары рельстен шығып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнына өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің жеке құрамы жіберілді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиғадан зардап шеккендер болмағанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Цистерналарда қандай жанармай түрі болғаны айтылмады.

«14 қазанда сағат 17:53-те Түрксіб ауданынлағы Ахметов көшесіндегі 47 үй маңында теміржолға Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің жеке құрамы жіберілді. Цистерналардің дөңгелегі рельстен шығып кеткен», - делінген хабарламада.   

Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері «тез тұтанғыш сұйықтықтардың жануы болған жоқ, оқиғадан құрбан болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ» деп сендірді.