$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2021, 14:36
Оқиғалар

Астаналық әйел екі жасар бүлдіршіннің телефонын тартып алды

Оқиға бейнебақылау жүйесіне түсірілген

Астаналық әйел екі жасар бүлдіршіннің телефонын тартып алды
https://youtu.be/jXSdi7N30ZU

Нұр-Сұлтанда әйел адам екі жасар қыздың қолынан ұялы телефонын тартып алды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғыны полицияға хабарласып, белгісіз әйел екі жасар қызының қолынан Samsung А-21 телефонын алып кеткенін хабарлады.

Полицияға хабар берген адам қонақ үйде әкімші болып жұмыс істейді. Ал оқиға болған уақытта кішкентай бүлдіршінмен болған.

«Ол қызына смартфонын беріп, екінші қабатқа көтеріліп кеткен. Тонау сәті бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалды. Кадрларда баланың баспалдақ арқылы көтеріліп бара жатқаны, ал телефонын тартып алған әйел адам төмен түсіп келе жатқаны көрінеді. Жолай қыздың қолындағы телефонын көріп, оны алып кетіп қалған», - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсіріп, полицияға жеткізді. Ол бұрын сотталған 34 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Күдікті кінәсін мойындап, ұрланған телефонды иесіне қайтарды.

Бұл фактіге қатысты «Тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары