$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2021, 13:58
Оқиғалар

Екібастұзда ірі көлемде есірткі сатып алған әйел бас бостандығынан айырылды

Биыл Павлодар облысының полицейлері 106 есірткі қылмысын анықтады

Екібастұзда ірі көлемде есірткі сатып алған әйел бас бостандығынан айырылды

Екібастұзда сегіз келіден астам есірткі сатып алған әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың наурыз айында Екібастұз қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғындардың бірі есірткі заттарын алуға бара жатқаны туралы жедел ақпарат түсті. Сондай-ақ полицейлерге қала тұрғыны қайда кеткенін хабарлады.

«Қажетті іс-шараларды жүргізу барысында Екібастұз қаласындағы Марғұлан көшесінің көлік жүретін бөлігінде жедел уәкілдер аталған әйел отырған Mazda маркалы автокөлікті анықтап, ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде онда жалпы салмағы 8 896 грамм болатын «кептірілген марихуана» бар полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді, бұл өте үлкен мөлшерге жатады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу Екібастұз қаласы Полиция басқармасының тәжірибелі тергеушісі Данияр Дәуітбековке тапсырылды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес, сотпен есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны және сақтағаны үшін қала тұрғыны үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысының полицейлері 106 есірткі қылмысын анықтады.

Серіктес жаңалықтары