Ол пойыздың астына түсіп мерт болған
Қызылордалық азамат жеңгесі мен құдасын жауыздықпен өлтірген. Бұл туралы Azattyq Rýhy «Астана» телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көз жұмған келіншек науқас әкесін өз қарауына алып, бірге тұрған. Сол үйге қонаққа келген қайнысы жанжал шығарып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған. Әйел оқиға орнында тіл тартпай кетіпті.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті көп ұзамай пойыздың астына түсіп мерт болған.
«Қазір аталмыш іс бойынша Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, күдіктінің өліміне қатысты 344 баптың 2-тармағына сәйкес іс қозғалды», - делінген ведомство хабарламасында.