Павлодарда көлік қағып кеткен зейнеткер жансақтау бөліміне түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлер ер адамның жағдайын ауыр екенін атайды

Дәрігерлер ер адамның жағдайын ауыр екенін атайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Зейнеткер «зебра» бойынша жолды кесіп өтіп бара жатқанда  көлік қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, ер адам Ломов көшесінің қиылысында зардап шеккен.

«Біз өтіп кеттік, көз алдымызда... барлығы тоқтады. Ал Audi жүйткіп өтті», - деп жазды  жол апаты куәгерлерінің бірі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен адам 75 жаста. Бірінші қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

«Жамбас сүйектерінің сынуы, бас миының шайқалуы, жабық бас сүйек-ми жарақаты бар. Жағдайы ауыр», - деді дәрігерлер.

Тұрғындардың айтуынша, «зебрадан» кейін автокөліктер қойылатындықтан, жүргізушілер жаяу жүргіншілерді көрмейді. Дәл сол жерде зейнеткерді қағып кеткен.