Оқиға биыл сәуір айында болған
Павлодар облысының Константиновка ауылында жүкті қызды өлтірген қаскүнем сотталды, деп хабарлайды облыстық ПД.
Осы жылдың сәуір айында Константиновка ауылында жүкті қыздың өлімі болды. Бұл істі тергеу барысында полицейлер қаза тапқан әйел мен бірге тұрған ер адам арасында болған жанжалды анықтаған. Салдарынан ер адам мас күйінде тұншықтырғаны белгілі болды.
«Қазақстан Республикасы ҚК 99-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі мамандандырылған ауданаралық сотпен 20 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.