Аршалы ауданында ер адам өзін өртеп жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адамның неге бұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысы Аршалы ауданында 49 жастағы ер адам өзін өртеп жіберген. Полицияның ақпаратына сүйенсек, ол өлер алдында қолхат жазып қалдырмаған. Сондықтан суицидтің себебі жұмбақ күйде қалып отыр.

«12 қазан күні сағат 13:52-де Аршалы ауданының полиция бөліміне өлген адамның көршісі телефон шалған. Оқиға орнына барған полиция 49 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Анықталғандай, ол қарт әкесімен бірге тұрған. Әкесі қазір Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатқаны анықталды», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

Қазір «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша тергеу басталғаны белгілі.