Қараусыз қалған жануарлардың иесі жауапкершілікке тартылатын болады

Автор: Azattyq Rýhy

Жануарларды қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуі тиіс

 

Жергілікті полиция қызметі басқармасы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясымен және елорданың аудандық әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406, 408-баптары бойынша жануардың меншік иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде комиссиялық шешім қабылдайды. Аталған баптар елорда аумағында қараусыз қалған мал жаю фактісін анықтау жағдайларына қатысты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жануар иесінің жеке басы анықталғанға және мән-жайы анықталғанға дейін қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарлары Нұр-Сұлтан қаласы, Алаш тасжолы, 72 мекенжайында ұсталатын болады.

Жануарларды иесіне қайтарған кезде иесі сол аралыққа дейінгі шығынды өтеуі тиіс.

Бұл шаралар қараусыз қалған жануарлардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының, сондай-ақ ұрланған малды ұрлау мен заңсыз өткізудің алдын алуға мүмкіндік береді.

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 8(7172)55-68-96, 8(7172)28-59-70.