Өзіне-өзі қол жұмсау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр
Павлодарда көпқабатты үйдің аумағынан кәмелетке толмаған жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.
«Павлодарда 2004 жылы туған, кәмелетке толмаған баланың денесі 9 қазан күні Шөкин көшесі, 100 мекенжайында табылды», - делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 105-бабы бойынша «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.