Ұшақ апатынан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстандықтар Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды

Қазақстандықтар Алматы маңында жұма күні ұшақ апатынан қаза тапқандарды ақтық сапарға шығарып салды. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды. 

Жексенбі таңында генерал Рүстем Қайдаровты Алматы жұртшылығы офицерлер үйінен шығарып салды.

Fokker 100 әуе кемесін басқарған ұшқыш  Марат Мұратбаевпен қоштасу рәсімі де Алматы қаласында өтті.

Жолаушылар Базархан Кәрібаева, Әмина Оспанова, Арман Исина, Абай Нұрбековтің жақындары да марқұмдарды жер қойнына берді.

Алматы облысында ұшақ бортында қайтыс болған тағы бір жолаушы Бауыржан Қалиев мәңгілік мекеніне аттанды.

Ал журналист Дана Круглованың денесі Нұр-Сұлтан қаласындағы ата-анасының үйіне жеткізіліп, бүгін жерленді.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы