Алматыда банк тонаған үш адам сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Алматыда өткен жылдың қазан айында банк тонаған үш адам сотталды деп хабарлайды 24.kz.

Алмалы аудандық сотының маусымдағы үкімін қалалық соттың аппеляциялық комиссиясы өзгеріссіз қалдырды. Ресми мәліметтерге сенсек, қарақшылар қаржы ұйымына 2 394 830 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Нәтижесінде сот екі ер адамды Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы «Қарақшылық» ісі бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Ал тағы бір айыпталушыға «Қарақшылық» бабымен қатар «Алаяқтық» бойынша да іс қозғалғаны белгілі болды. Ол 2019 жылы риелтор болып, пәтер сатып алмақ болған 7 адамның қаражатын жымқырған. Шығынның жалпы көлемі 60 миллион теңгеден асады.

Соттың шешімімен үшінші күдікті 8 жылға темір торға тоғытылды.