Көкшетауда полицейлер теміржол көпірінен секірмек болған әйелді құтқарды

Автор: Azattyq Rýhy

34 жастағы әйел отбасындағы қиындықтарға байланысты суицид жасамақ болған

Көкшетауда тәртіп сақшылары теміржол көпірінің үстінен жоғары вольтты сымдар желісіне секіріп, суицид жасамақ болған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қазанда 12:36-да Көкшетау қаласының ПБ жедел басқару орталығының 102 арнайы желісіне 34 жастағы тұрғын хабарласып, отбасының қиын жағдайы оны үмітсіздікке жеткізгенін, ал қазір суицид жасау үшін теміржол көпіріне (Көкшетау станциясындағы теміржол үстінен өтетін) бара жатқанын айтты.

Ақпарат дереу полицияның барлық патрульдік экипаждарына берілді. Инспекторлар телефон арқылы сөйлесіп, мүмкіндігінше уақыт созуға және мұндай ниетінің себебін егжей-тегжейлі білуге тырысты.

Осы уақытта ППБ взвод командирі Олег Герасимов пен ППБ инспекторы Қанат Мағубаев оқиға орнына екі минут ішінде жетті. Полицейлер жоғары вольтты сымдар желісіне секіруге ыңғайланып тұрған әйелді тапты. Ал оны құтқаруға сол маңайда жүрген ер адам мен қыз бала көмектесті.