$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.10.2021, 08:55
Оқиғалар

Павлодардағы RBK Bank филиалының директоры суицид жасады

Өлімге не жағдай себеп болғаны әзірге белгісіз

Павлодардағы RBK Bank филиалының директоры суицид жасады

Павлодар қаласындағы RBK Bank филиалының директоры өзіне қол салды деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Әйелдің жасы 49-да болған.

«5 қазан күні сағат 7:13-те Бектұров көшесі 50/1 мекен-жайында орналасқан дүкеннің шатырынан 1972 жылы туған әйелдің денесі табылды. Ол сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

RBK Bank басшылығы болса марқұмның отбасына барынша көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, тергеу жұмыстары аяқталғанша жалған ақпарат таратпауды сұрады.

Серіктес жаңалықтары