$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2021, 14:58
Оқиғалар

Қостанайда адам өлтіріп, мәйітін жасырған күдікті қолға түсті

Қылмыстың жасалуына ер адамдар арасында шыққан жанжал себеп болған

Қостанайда адам өлтіріп, мәйітін жасырған күдікті қолға түсті

Қостанай облыстық полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері адам өлтіріп, мәйітін Тобыл өзенінің жағасына жасырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 1 қазанда Қостанай қаласы оңтүстік бөлімінің 102 пультіне 66 жастағы әйел хабарласып, 45 жастағы ұлының отбасы тұрып жатқан саяжайдан кетіп, әлі күнге дейін қайтып оралмағанын баяндап берді.

Полиция аталған факті бойынша іздеу жұмыстарын бастады.

«Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Қостанай қаласының 34 жастағы тұрғыны анықталған, айғақ дәлелдер көмегімен оның адам өлтіргені анықталды. Ер адам қылмыс жасағанын мойындады. Ол жәбірленушінің өлі денесін жасырған жерді көрсетті. Оқиға орнын тексеру кезінде қайтыс болған ер адамның денесі Тобыл өзенінің жағасынан табылған», – деп баяндады полициядан.

Алдын ала нұсқа бойынша, қылмыстың жасалуына ер адамдар арасында шыққан жанжал себеп болған.

«Жәбірленушіге оның өліміне әкеліп соқтырған ауыр дене жарақатын салған соң күдікті айғақ дәлелдерді, ер адамның өлі денесін жасырмақ болды. Қазіргі кезде ол қамауға алынды, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп қорытындыларды полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары