Павлодарда ер адамды пышақтап өлтірген күдікті қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды

Павлодарда көпқабатты үйдің тұрғындары үйдің кіре берісінен пышақ жарақатын алған ер адамның денесі табылған. Полицейлер осы оқиғаға қатысы бар күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазан күні сағат 02:25 шамасында Ак. Сәтбаев көшесіндегі 247-үйдің пәтерінде 20 жастағы ауыл тұрғынының денесі табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен 23 жастағы павлодарлық ұсталды.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат Павлодардағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.