Павлодар облысының тасжолында көлік жырадағы суға түсіп кетті
Полицейлер жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде жолда жүру қауіпті болатынын ескертеді
Жол апаты «Екібастұз-Батыр КП» автожолының солтүстік бағытында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
«29 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында «ВАЗ» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші Южная ауданында жүріп келе жатқан сәтінде рөлге ие бола алмай қалып, жыраға аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автокөлік шығарылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 595-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінде.
Екібастұз қаласының полицейлері жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде жолдағы қауіп туралы ескертеді.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райы нашарлаған кезде тұман, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынға байланысты жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды мұқият қадағалап отыру қажет екенін еске салады.
Сондай-ақ, қауіпсіз жылдамдық пен автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау маңызды.