Қаскөй алдын ала ойластырған жоспары бойынша әрекет еткен
Алматы полициясы бір жылға жуық іздеуде болған алаяқты ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облысы Талғар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 33 жастағы Б.есімді ер адам ұсталды. Ол өзінің қылмыстық жоспарын 2019 жылы жасаған, содан кейін қаскөй өзінің алғашқы құрбандарымен кездеседі.
«Б.есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлімі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу үш қылмыстық эпизодты дәлелдеді. Ал жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Қаскөй алдын ала ойлап тапқан жоспар бойынша «жұмыс істеген». Ол адамдардың сеніміне кіріп, кепілдікке қойылған көліктерді нарықтық бағадан төмен сомаға сатып алуды ұсынып отырған. Жәбірленушілерге интернеттен алынған көліктердің суреттерін көрсеткен. Адамдар «сатып алу» үшін 100% төлем төлеген», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Бұрын жас жігіттің заңмен ешқандай мәселесі болмаған. Полиция қызметкерлері бұл адамның қолынан зардап шеккендердің көп екеніне сенімді. Оның заңсыз әрекеті қайталанғанын ескере отырып, осы адамның алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-707-9202; 8-775-106-1884; 8-775-774-4441.