$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.09.2021, 16:52
Оқиғалар

Алматы облысында ресейлік депутат атып алған аң Қызыл кітапқа енген бе?

Инспектор аңшылықтың қай жерде болғанын, қандай аң атып алғанын айтты

Алматы облысында ресейлік депутат атып алған аң Қызыл кітапқа енген бе?

Көршілес Ресей елінің Тау аңшылары клубының ресми сайтында РФ Мемлекеттік думасының депутаты Владислав Резниктің Алматы облысында жасаған аңшылық кезінде қанжығасы майланғаны жазылған.

Депутат клуб сайтында Жоңғар қақпасына барып, көптен армандағаны орындалғанын айтып, есеп берген. Ол аңшылықтың екінші күнінде 7-8 жастағы екі таутеке атып алғанын айтып мақтанған. Сондай-ақ осы аңшылықты ұйымдастырған Asien Tour, Сталкер Групп сияқты компаниялар мен Евгений Харитонов есімді азаматқа алғыс білдірді.

Azattyq Rýhy тілшісі ресейлік депутат атып алған аңның Қазақстанның Қызыл кітабына енген-енбегенін білу мақсатында Алматы облысы бойынша аумақтық инспекция басшысы Нұрқуат Қонысбаевқа хабарласты.

Ресей елінің Тау аңшылар клубының ресми сайтында депутат Владислав Резник Алматы облысы Жоңғар Алатауы ұлттық паркінде атып алғаны жазылған.

«Суретке мән беріп қарасақ, жұрт ойлағандай арқар емес, таутеке атып алған. Ал таутеке Қызыл кітапқа енбеген. Оны аңшылық мақсатта аулауға болады. Бұл Жоңғар Алатауының өзінде емес, одан үш шақырым жерде Үшқарағай деген аңшылық шаруашылығында атып алған. Оған арнайы ақысын төлеп кірген. Сол үшін аң атуға рұқсат етіледі. Осы арқылы бюджетке табыс түседі», - дейді Нұрқуат Қонысбаев.

Сөз соңында ол шетелдік азаматтар үшін аңшылық шаруашылығына кіру ақысы қымбатырақ болатынын айтып өтті.

Серіктес жаңалықтары