Батыс Қазақстанда жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

 
Фото: rosbalt.ru

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 қыркүйекте Бөрлі аймағында жүк пойызы бойжеткенді қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сағат 13.52 -де «Қазақстан» станциясында жүк пойызы 1995 жылы туған қызды қағып кетті. Соның салдарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмды», - делінген ТЖД хабарламасында.

ҚР ІІМі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі Орал станциясындағы полицияның саптық бөлімінде аталған факт бойынша тергеу ісі басталғанын хабарлады.

«Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің «Теміржол көлігінің қозғалысы кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабына сәйкес тергеу жүргізілуде», -делінген хабарламада.